kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

2021 жылғы түлектерді құттықтау!

Құрметті Түлектер!

Сіз өмірдің өте маңызды кезеңін өттіңіз! Бұл мерекенің артында сіздің көпжылдық еңбегіңіз және кәсіби білім мен дағдыларды игеруге деген табандылығыңыз, біздің оқытушылардың тәжірибесі мен шеберлігі тұр!

Алда жетістіктер уақыты, тәуелсіз және ересек өмір уақыты. Мақсатқа жету жолындағы әр қадам сәтті болсын! «ЖМК түлегі» атағын абыроймен алып жүріңіз!

Біз сіздің жас қуатыңызға, сіздің салауатты кәсіби ұмтылысыңызға және Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға өз үлесіңізді қосуға деген ниетіңізге сенеміз. Кәсіби табысқа тек қана жаңа бастамаларға ашық, болашақта тәжірибеде қолдану үшін білімін дамытуға және өзін-өзі жақсартуға ұмтылатын адамдар ғана жететіндігін есте сақтаңыздар. Сіздерге амандық, кәсіби жолдың табысты басталуын және мықты денсаулық тілейміз!

Алибекова Ляззат Джаныбековна – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директорының м.а.