kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Медицина қызметкері күнімен

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұжымы ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің барлық өкілдерін және біздің колледждің оқытушылары мен студенттерін медицина қызметкері күнімен құттықтайды!

Сіздердің еңбектеріңіз сіздер құтқарып отырған адамдардың өмірі мен денсаулығы сияқты баға жетпес және сіздер оларға толыққанды өмір және жаңа күннен ләззат алу мүмкіндігін сыйлайсыздар! Өміріңізде қиыншылықтардың болмауын және Сіздің маңызды, қажырлы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Медицина қызметкерлері күніне орай біздің колледж оқытушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарына ие болды:

• Абылова Назым Кызбалаевна – «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен;
• Бектасова Жанар Ерболқызы – «Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін» құрмет грамотасымен;
• Кажимгалиева Римма Умирзаковна – «Денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулығын сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлес үшін» алғыс хатымен,
• Кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту орталығы Оралбаева Алтыншаш Доктарбековна – «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз, болашақта жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

«Ақ халатты абзал жандар»
19.06.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Медициналық қызметкерлер күніне орай «Ақ халатты абзал жандар» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен өткізілген концерттік бағдарламада колледж студенттері белсенді қатысып, медициналық қызметкерлерді даярлаудағы ерең еңбектері үшін ұстаздар қауымына алғыс білдірді. Себебі, оқытушылардың арқасында жоғары білікті мамандардың және жай ғана керемет адамдардың бірнеше буыны өсті!

Колледж түлектерін медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы!