kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

ҚР рәміздері – Ұлттық мақтанышымыз!

04.06.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қазақстан Республикасының рәміздері – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жинақтау; танымдық қызығушылықты дамыту, Мемлекеттік рәміздер туралы ой-өрісін кеңейту; отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.