kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Контрацепция туралы кеңестер

25.05.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1-3 курс студенттерімен «Контрацепция туралы кеңестер» тақырыбында әңгіме өтті. Дәрісті «Aqjol» жастар денсаулық орталығының акушер-гинекологы Тілеуқұл Нұрлыайна Әбдіқаххарқызы өткізді. Студенттер пайдалы ақпарат және сұрақтарына жауап алды.

Жыныстық тәрбие- балалар мен жастардың ақыл-ойының, адамгершілік құндылықтар туралы көзқарасының, дене бітімінің, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы тәрбие жұмысы процесінің құрамдас бөлігі. Сапалы жыныстық тәрбие жасөспірімдерге сау ересек адам ретінде қалыптасуға көмектеседі.

Жыныстық тәрбиенің мақсаты-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін дұрыс білуге және сезінуге, өмірдің барлық саласында өзінің және қарама-қарсы жыныстағы адамдармен оңтайлы қарым-қатынас орнатуға қабілетті әйелдер мен ерлердің тұтас тұлғасын тәрбиелеу.