kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин»

28.04.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМУ білімгерлерімен Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты – алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен білімгерлерді таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.