kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Шын жүректен алғыс айтамын»

23.02.2021 ж. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Оқытушылар Жумабаева А. А., Әбдірәсіл А. Н. Және Студенттік кеңес ұйымдастырған бұл концерттік бағдарламаға 1-3 курс студенттері өте белсенді қатысты. Олар өз өнерлерін көрсетіп, өлең айтып, би билеп, өлең оқып, өз алғыстарын білдірді.
Концерттік бағдарламаның мақсаты білім алушылардың жанұяға, ата – анаға, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту; Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір – бірімен үйлесімді қарым – қатынас жасай білуге үйрету; Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым – қатынас жасау біліктілігін дамыту.