kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тренинг

2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттеріне «Ерте жүктіліктің алдын алу. Аборттың алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингті Ильясова Күлмира Баймұратқызы – психолог, Operation Mercy Kazakhstan отбасылық кеңесшісі жүргізді.

Ерте жасөспірімдік жүктілік жасөспірім аналар мен олардың сәбилерінің денсаулығына елеулі әсер етеді.  Жүктілік пен босанудың асқынуы дүние жүзінде 15-19 жас аралығындағы қыздар арасындағы өлімнің басты себебі болып табылады. 20 жасқа толмаған аналардан туған нәрестелер салмағының төмендігі, шала туылу және ауыр неонатальды аурулардың қаупі жоғары (ДДҰ мәліметтеріне сәйкес).