25.05.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары – Иманғалиева Назгүл Мелисқызы жұмыс сапарымен келді. Кездесу аясында колледж ұжымына директорының міндетін атқарушы – Молдакулов Жумахан Мукашович таныстырылды
Жумахан Мукашович колледждің әкімшілік-басқару ұжымымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, оқу орнын дамыту жоспарлары мен орта медициналық кадрларды даярлау жүйесінің даму тенденцияларын талқылады.
Ақпарат үшін. Молдакулов Жумахан Мукашович – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Аймақтық менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі.
Білімі:
- Қарағанды мемлекеттік медицина институты, мамандығы, «Емдеу ісі», біліктілігі – дәрігер;
- “Травматология және ортопедия”,” Қоғамдық денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру” мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты.
Жумахан Мукашович әр жылдары травматолог-дәрігер, травматология бөлімшесінің меңгерушісі, Денсаулық сақтау басқармасының бас травматологы, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, көпсалалы клиникалық аурухананың директоры қызметтерін атқарды.
Марапаттар:
- “Денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісі;
- “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісі;
- “Құрмет” Ордені.







