kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледж ұстаздары мен білім алушылары Халықаралық қарттар күнімен Медеу ауданының қарттарын құттықтады

08.10.2025 жылы «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясы шеңберінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұстаздары мен білім алушылары Халықаралық қарттар күнімен Медеу ауданының қарттарын құттықтады.

Мерекенің мақсаты: егде жастағы адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару және қарт адамдарға деген көзқарастарын өзгерту.

Алматы қ. Медеу ауданының әкімдігімен бірлесіп өткізілетін осындай іс-шаралар білім алушылар мен колледж ұжымы үшін жақсы дәстүрге айналды. Халықаралық қарттар күні-құрмет пен игілік, қарттардың еңбегін, олардың мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесін дәріптеу. Қазақстандықтардың әрбір жаңа буыны үлкендердің даналығынан, олардың тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінен үйренеді.