kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Қарттар күніне арналған концерт

2025 жылғы 1 қазанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК студенттері Қарттар күніне арналған концертке қатысты.

Іс-шара Алматы қаласы Медеу аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Мерекенің мақсаты – қарт адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару және оларға деген көзқарасты өзгерту.

Осындай іс-шаралар Колледж студенттері үшін жақсы дәстүрге айналды. Халықаралық қарттар күні – бұл үлкендерге құрмет көрсету, олардың мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесін мойындау белгісі. Қазақстандық әр жаңа буын аға буынның даналығы мен өмірлік тәжірибесінен, адамгершілік қасиеттерінен үйреніп келеді.