2023 жылғы 14 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің “Оқуға құштар колледжі” жобасы, сондай-ақ Халықаралық кітап сыйлау күні аясында “Оқы және өзгеге сыйла” буккроссинг акциясы басталды.
Буккроссинг (ағылшын тілінен аударғанда – “кітап алмасу”) – бұл халықаралық қоғамдық қозғалыс. Оның мақсаты – жауапты “кітап тұтынуды” насихаттау. Адам кітапты оқығаннан кейін оны кез-келген адам алу үшін қоғамдық жерде (кафеде, кітапханада) қалдырады. Кітапты алған адам кейінірек процесті қайта бастайды.
