kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Жемқорлыққа қарсы қызмет

 

Мақсат және нысаналы индикаторлар

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Нысаналы индикаторлар:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  • мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімі;
  • халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;
  • халықаралық қоғамдастықтағы елдің беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «TransparencyInternational» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

Міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы мемлекеттік қызмет;
  • қоғамдық бақылау институтын енгізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет квазимемлекеттік және жеке сектордағы;
  • соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
  3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.
  4. «Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы.
  5. Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және қалтарыстағы экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қалалық іс-шаралар жоспары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі нормативтік құжаттар:​

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет:​:​

Байланыс ақпараты:

Сенім телефоны: +7 (727) 387-38-97

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарландыру.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директордың 2024 жылғы 24 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 54 бұйрығына сәйкес ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. 2024 жылғы 26 тамыздан 27 қыркүйекке дейін келесі  бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

  • Колледждің мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Колледждің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Колледж персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Колледждің мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
  • Колледждің оқу қызметінде (техникалық және кәсіптік білім беру) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен ескертулер 2024 жылдың 24 тамызына дейін электронды пошта abzalkomplans2023@mail.ru немесе Алматы қ., көш. Чайкина 12а (№ 204 кабинет), +7 (727) 387-38-97 арқылы қабылдаймыз.