“Достық заңнан асқан заң жоқ!» атты мотивациялық кездесу

2024 жылғы 26 желтоқсанда Алматы қ. ҚДСБ “Жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ КМК-да 1 курс студенттері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен “Достық заңнан асқан заң жоқ!» атты мотивациялық кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: жастарға рухани-мәдени тәрбие беру, әртүрлі ұлт өкілдеріне деген төзімділік пен құрметке тәрбиелеу.

Кездесу қонақтары:
– Жапаров Абайдулла Мухитдинович – “Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы” ҚБ төрағасы, Алматы қ.
– Ананьева Светлана Викторовна – Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, Алматы қ.

Қонақтар өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, құрылымы сонымен қатар ҚР-да қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді.

Қазақстан 120-дан астам ұлт өкілдерін біріктіреді. Біздің ортақ міндетіміз – ұлттық төзімділік, ортақ үйімізді мекендейтін халықтардың мәдениеті мен тілдерін құрметтеу. Ортақ ұмтылыстармен біріктірілген біртұтас халық елді тек алға, өркендеуге жетелейді.

Арнайы шақырылған қонақтар үшін Колледж студенттері шағын концерттік бағдарлама дайындады: халық аспаптарының сүйемелдеуімен фольклорлық шығармалары ойнады, ұлттық билер билеті, патриоттық өлеңдер мен әндер айтылды.