“Тыныс алу жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы” тақырыбында ашық сабақ

2022 жылдың 11 наурызында Алматы қ. ҚДБ “Жоғары медициналық колледжі” ШЖҚ КМК №2 “Жалпы кәсіптік пәндер” циклдік әдістемелік комиссиясының оқытушысы Давибаева Бану Рахимжановна “Тыныс алу жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақ барысында білімгерлерге тыныс алу жүйесі мүшелерінің маңызын, қызметін, құрылысын түсіндіру.
  • Осы тақырыптың медициналық маңыздылығын және қажеттілігін жеткізу және игерілген білімді жаңа байланысқа кіргізе отырып жалпылау, тереңдету.