kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Адал еңбек» тақырыбында мотивациялық кездесу

2025 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері үшін «Адал еңбек» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті.

Құрметті қонақтар:
• Юсупова Назира Маусымханқызы – педагог-эксперт, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» атағының иегері. Әр жылдары мейіргер, бас мейіргер, бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда «Хирургиядағы мейіргер ісі» пәнінің оқытушысы.
• Ажеева Күлипа Саиновна – «Мейіргер ісі» пәнінің оқытушысы, мол тәжірибесі бар маман. Фельдшер, жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасының мейіргері, неврология бөлімшесінің мейіргері болып жұмыс істеген.

Құрметті ұстаздар адал еңбектің маңызы, кәсіби және азаматтық жауапкершілік туралы құнды тәжірибелерімен бөлісіп, мазмұнды әңгіме өрбітті.

Болашақ медицина қызметкерлері үшін бұл кездесу шабыт көзіне айналып, кәсіби және азаматтық борыштарын адал орындау жолында маңызды бағыт-бағдар берді.