kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«ЖРВИ, тұмау және COVID-19-дың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәрісі

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттерге арналған «ЖРВИ, тұмау және COVID-19-дың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Мақсаты: жедел респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмау мен коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, аурулардың жұғу жолдарын түсіндіру, жеке гигиена ережелері мен иммунитетті нығайту жолдарын үйрету.

Дәрісті медициналық пункттің фельдшері Тажиева Улдан Аманхановна жүргізді. Ол студенттерге ЖРВИ, тұмау және COVID-19-дың пайда болу себептері, тән белгілері және жұқтырудан сақтану жолдары туралы толық ақпарат берді.

Дәріс барысында келесі алдын алу шараларына ерекше назар аударылды:

  • жеке гигиена ережелерін сақтау (қолды жиі жуу, аурушаңдық кезеңінде медициналық бетперде тағу);
  • тұмауға және COVID-19-ға қарсы вакцинация жасау;
  • аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну, өз бетімен емделуден бас тарту;
  • бөлмелерді үнемі желдету және ауаны ылғалдандыру;
  • салауатты өмір салтын ұстану – дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы және дене белсенділігі.

Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, денсаулықты нығайту мен аурудың алдын алу бойынша практикалық кеңестер алды.