kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Тілім менің ғасырларға аманат!» атты іс-шара

2025 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттеріне арналған «Тілім менің ғасырларға аманат!» атты іс-шара өткізілді. Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай өткізілген іс-шара тілдер апталығының қорытынды кеші ретінде ұйымдастырылды.

Тәрбие сағаты «Қазақстан халқының Тілдері күнін» мерекелеу аясында № 1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК, қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушыларының ұйымдастуымен өткізілді.

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасын насихаттау.

Ахмет Байтұрсынұлы -қазақ ағартушысы, педагог, публицист, аудармашы, түркітанушы, лингвист және саяси қайраткер. А. Байтұрсынұлы «Жаңа емле» деп аталатын оқу құралының, сондай-ақ, қазақ тіліне арналған «Байтұрсыновтың» араб әліпбиінің  авторы. А.Байтұрсынов 1912 жылы алғашқы нұсқасын жасап, 1912-1924 жылдары жазу ережелерін пысықтады.

Тәрбие сағатын өткізуге «ЕІ 25-3″,» МІ 25-7″,» МІ 25-8″,» ЕІ 25-2″,» МІ 25-10″,» МІ 25-11″,» МІ 25-09″, «Д 25-01», «Лаб 25-16» топ білім алушылары белсенді атсалысты. Білім алушылар патриоттық музыкалық шығармаларды орындады, сондай-ақ А. Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру», «Қазақ салты», «Анаға хат», «Замандастарыма», «Жұртыма», «Көк есектерге», «Қасқыр мен тырна» өлеңдерін оқыды.

Ахмет Байтұрсыновтың әдеби шығармаларынан басқа, оның дәйексөздері де кеңінен танымал, олар білім, мәдениет және халықтың бірегейлігі арасындағы терең байланысты көрсетеді. «Егер халық үшін басты байлық денсаулық болса, онда жанның байлығы — білім мен өнер. Тек олардың көмегімен сіз өмірде өз орныңызды таба аласыз. Қазір ең бастысы-жастарға білім беру, оларға қолөнерді үйрету, мамандықтарды оқыту» деген нақыл сөзі Ахмет Байтұрсынұлынан қалған таптырмас мұра болып табылады.