Құрметті талапкерлер! Біздің колледж «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша оқуға қабылдауды өткізеді.
Оқу мерзімі: 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибедегі мейіргер», «Мамандандырылған мейіргер» біліктілігімен немесе 0301000 «Емдеу ісі» «Фельдшер» біліктілігімен, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты және үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық және кәсіптік білім беру негізінде – 1 жыл 6 ай.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.
Бір оқу жылы үшін оқу ақысы 115 айлық есептiк көрсеткiшті құрайды.
Оқыту бағдарламасы келесі модульдерді қамтиды: мейіргер ісіндегі персоналды басқару; дәлелдемелерге негізделген менеджмент және мейіргерлік күтім; мамандандырылған мейіргерлік күтім және дәлелді практика және т.б.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер кеңейтілген практика мейіргері, бас мейіргер, медициналық колледждерде клиникалық практика бойынша тәлімгер болып жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Түсуге арналған құжаттар тізбесі:
- Өтініш;
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (ТжКБ дипломы және диплом қосымшасы);
- Маман сертификаты;
- Жеке куәлік (көшірме);
- Фото 3х4-6 дана;
- №075/е нысаны бойынша медициналық анықтама флюоросурет қосымшасымен;
- Жұмыс орнынан кадрлар бөлімі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- Некетуралы куәлік (тегіөзгергенжағдайда,көшірмесі).
Ақылынегіздеоқуғақұжаттардықабылдау 25.08.2025 жылға дейінжалғасады.
Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК қабылдау комиссиясының телефон нөмірлері: +7 701 673 5627, +7 701 673 5926, +7 747 952 66 90, +7 (727) 387 00 60.