2025 жылғы 01 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі” РМКК концерт залында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Колледж директоры Ж.М. Молдакулов, бақылау кеңесінің төрағасы С.Т. Сейдуманов, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Д. Алибекова түлектерге тілек сөздерін айтты. Колледж директоры оқу орнының ғылыми және қоғамдық өміріне белсене атсалысқан түлектерге, сондай-ақ белсенді түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.
Н.Қ. Дәулетбаев ата-анасының атынан колледж оқытушыларына, кураторларына және әкімшілігіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, Жумахан Мукашевич қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.
Кештің концерттік бағдарламасы кәсіби музыканттардың өнерімен ұсынылды — сахнада саксофон мен скрипканың сүйемелдеуімен әуендер шырқалды; түлектер мен топ кураторларының атынан музыкалық құттықтаулар айтылды.
44 жыл бойы біздің Колледж орта медицина қызметкерлерін – қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің сұранысқа ие мамандарын дайындайды. Біз түлектеріміздің денсаулық сақтау ұйымдарының жетекші мамандары болып табылатын, бас медбикелерге айналғанын мақтан тұтамыз.
Құрметті түлектер! Оқуды сәтті аяқтағаныңыз және дипломдар алғаныңыз үшін құттықтаймыз! Сіздің біліміңіз табысты мансап құрудың берік негізі болатынына сенімдіміз! Сізге бақыт пен амандық тілейміз!