2025 жылдың 5 маусымында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Жасанды интеллект және қоғамның цифрлық трансформациясы – 2025» тақырыбында білімгерлердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, инновацияларға қызығушылығын арттыру және болашақ медицина қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру.
Конференция аясында денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектті қолдану перспективалары, білім беру үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізудің этикалық және құқықтық аспектілері туралы баяндамалар тыңдалды. Конференцияда 20 қатысушы өз баяндамаларын ұсынып, баяндамаларды талқылауға 1–4 курс білімгерлері белсенді қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды:
1-ші орын — Советбеков Алишер ЛД 21-04.
2-ші орын — Какеева Роббина ЛД 24-2 және Мадиева Даяна МІ 22-8.
3-ші орын — Үйсін Дания МІ 24-12, Дунгенов Ратмир, Каракенов Асанали ЛД 23-6, Мадиева Шакира МІ 22-8
Конференция білім мен тәжірибе алмасуға ықпал еткен белсенді әрі нәтижелі атмосферада өтті. Біз барлық білімгерлерге және ғылыми жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз!