2025 жылғы 03 маусымда Алматы қ. ҚДСБ “Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да 1-4 курс студенттері арасында “Экологиялық болашақ – жастар қолында” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр — жоғары технологиялар ғасыры ғана емес, сонымен қатар жаһандық экологиялық проблемалар ғасыры. Олардың бірі — қалдықтардың әртүрлі түрлерімен қоршаған ортаны ластау проблемасы: өнеркәсіптік, құрылыс, тұрмыстық қалдықтар, соның ішінде пластикалық қалдықтар және т.б. әр түрлі көздер бойынша бүгінгі күні пластикалық өнімдер барлық тұрмыстық қалдықтардың 40% құрайды.
Дөңгелек үстел барысында студенттер өңірдің өзекті экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі атап өтілді. Мұндай іс-шаралар экологиялық бастамаларды және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға ұмтылудағы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.