kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Сыбайлас жемқорлық — ел дамуына тұсау!» тақырыбында эссе байқауы

29.05.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық — ел дамуына тұсау!» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Мақсаты: студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын және берік адамгершілік негіздерін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс көзқарасты тәрбиелеу.

Эссе конкурсы мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді, № 1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары: Ж. Б. Ахымбекова және Ж. Ж. Сулейменова ұйымдастырды.

Мемлекеттік тілде өткізілген эссе байқауының қорытындысы бойынша 51 жұмыс ұсынылып, қазылар алқасының мүшелері жүлделі орындарды былайша бөлді:
1 орын — Бауыржанқызы Ботагөз (МІ 24-8 «Мейіргер ісі» бөлімі);
2 орын — Базарбай Майра (ЕІ 24-1 «Емдеу ісі» бөлімі);
3 орын – Мырзахан Іңкәр (Д 24-03 «Стоматология» бөлімі).

Орыс тілінде 20 жұмыс ұсынылды, оның нәтижелері төмендегідей болды:
1 орын — Рыспаева Дилара (СД 24-13 «Мейіргер ісі» бөлімі);
2 орын — Саякипова Аружан (СД 24-13 «Мейіргер ісі» бөлімі);
3 орын — Омархан Балжан (СД 24-13 «Мейіргер ісі» бөлімі);

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!

Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы ретінде қарастырылуы тиіс.