kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мемлекеттік әнұранды орындау бойынша челленджді

22.05.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері ҚР ұлттық рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік әнұранды орындау бойынша челленджді іске қосты.

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған, Қазақстанның әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Барлық білім беру мекемелерін, соның ішінде Республикалық медицина колледжін (@rvmckz) қосылуға, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетуге және челленджімізді жалғастыруға шақырамыз.