2025 жылдың 21 мамырында «Туған жердің тұлғасы» жобасы аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1, 2 курс білімгерлерімен қазіргі қазақ әдебиетінің өкілдері Ержан Жұмабекұлы мен Жаңылхан Асылбековамен кездесу өтті.
— Жаңылхан Асылбекова – филология ғылымдарының кандидаты, ақын, журналист «Abai TV» телеарнасының бас продюсері.
— Ержан Жұмабекұлы — PhD докторы, ақын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы
Кездесу ашық диалог түрінде өткізілді. Қонақтар білімгерлерге шабыттандыратын сұхбат бере отырып, кәсіби табысқа жетудегі жеке тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы шақырылған қонақтар үшін «МІ 24-11», «МІ 24-18», «МІ 23-13» «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша және «ЕІ 24-5» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша топ білімгерлері ақындардың өлеңдерін оқыды, шығармалары туралы қысқаша баяндама жасап, ән мен күй орындады.
Шараны ұйымдастырушы: № 1 ЦӘК «Жалпы гуманитарлық пәндер» оқытушылары Аскарова К.И. және Ахымбекова Ж.Б., кітапхана қызметкерлері Исаева К.О. және Тайшибекова А.С.
Уақыт бөліп келгендері үшін Ержан Жумабекұлы мен Жаңыл Асылбековаға алғысымызды білдіреміз! Мұндай кездесулер жастар үшін өте маңызды, олар жеке дамуға және өзін-өзі жетілдіруге серпін береді.