kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ашық есік күніне шақырамыз!

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжi» КМК 9 және 11 сынып түлектерін, ата-аналар мен оқытушыларды 2025 жылдың 23 мамырында сағат 15.00-де өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Ашық есік күні — бұл біздің білім беру бағдарламаларын, қабылдау шарттары және колледж өмірі туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік.

Іс-шара бағдарламасында:
• Оқытушылармен кездесулер және мамандықтарды таныстыру.
• Оқу кабинеттеріне, зертханаларға және симуляциялық технологиялар орталығына экскурсия.
• Талапкерлер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауаптар.

Өткізу орны: Л.Чайкиной к/сі, 12 А
Іс-шараның басталу уақыты: 15:00-де

Колледжбен танысу, сұрақтар қою және медицина саласындағы мансабыңызға алғашқы қадам жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Сіздерді күтеміз!