2025 жылдың 5 мамырында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара аясында 1-курс студенттері арасында «Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат» ұранымен бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сайыс өткізілді.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: саптық дайындық, газтұмшаны кию, автоматты бұзып-жинау, оқжатарды оқпен жабдықтау; сондай-ақ саптық ән орындау және «Ұлы Отан соғысы», «Отан қорғаушылар күні» тақырыптарындағы плакаттар байқауы.
Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар – Таулы Қарабах қақтығысына қатысқан соғыс ардагерлері Амреев Бағдат Асқарұлы мен Темірғалиев Ерлан Адылаxанұлы қатысты. Қонақтар өздерінің әскери өмір жолынан сыр шертті, борыш, абырой мен патриотизм жайлы айтты. Олардың шынайы естеліктері студенттерге ерлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болды.
Сайыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
• 1 орын – «Емдеу ісі» бөлімі, «ЛД 24-02» тобы;
• 2 орын – «Емдеу ісі» бөлімі, «ЛД 24-2» тобы;
• 3 орын – «Мейіргер ісі» бөлімі, «СД 24-13» тобы.
Мұндай сайыстар жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесінде маңызды рөл атқарады, олар арқылы мінез-құлық қалыптасып, тәртіп пен командалық жұмыс дамиды.