2025 жылдың 2 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Алматы қ ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері арасында шахмат турнирі өтті.
Шахматтың отаны – Үндістан болып саналады. Шамамен V ғасырда бұл елде «чатуранга» деп аталатын ең көне түрі қалыптасқан. Бұл ойын төрт түрлі әскер түрінің (жауынгерлік арбалар, пілдер, атты әскер және жаяу әскер) қатысуымен болатын шайқасты бейнелеген. Шахмат – мидың тамаша жаттықтырғышы. Ол есте сақтау қабілетін жақсартып, зейінді арттырып, стратегиялық ойлауды дамытады және тағы басқа пайдалы әсерлері бар.
Жарыс қорытындысы бойынша, оған 20 студент қатысты:
1 орын – Мұратжан Илхам – «СД 24-13» тобының «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті;
2 орын – Яқупжан Ясин – «ЕІ 24-4» тобының «Емдеу ісі» бөлімінің студенті;
3 орынды – Чувашов Эльдар «СД 24-13» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімі және Хаир Нұрсұлтан «ЕІ 24-5» тобы, «Емдеу ісі» бөлімі бөлісті.
Турнирді ұйымдастырған «Жалпы гуманитарлық пәндер» №1 ЦӘК дене шынықтыру пәні оқытушыларына және әрбір қатысушы студентке алғысымызды білдіреміз! Баршаңызға мықты денсаулық пен амандық тілейміз!