29.04.2025 жылы Алматы қ ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжінің» КМК-да 1-курс студенттері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған флешмоб ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын нығайту, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Флешмобқа №1 жалпы гуманитарлық пәндер ЦӘК оқытушылары Қонақбаева А.С., Нұрбекова Г.С., Тлекметова Г.Б. жетекшілігімен «Емдеу ісі» бөлімінің «ЛД 24-3», «ЛД 24-4» топтарының және «Мейіргерлік іс» бөлімінің «СД 24-8» тобының студенттері қатысты.
Флешмоб 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды. Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі жас ұрпақтың жүрегінде және санасында сақталуы тиіс. Көптеген ардагерлер бейбіт аспан үшін өмірлерін қиды. Ұлы Отан соғысының естелігі — халықтың рухани бірлігінің негізі!