kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ашық есік күні

25.04.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-да Ашық есік күні өтті! Іс-шара жалпы білім беретін мектептердің оқушылары – 2025 жылғы талапкерлер үшін ұйымдастырылды.

Қонақтарымызға Колледждің білім беру бағдарламалары ұсынылды, сонымен қатар:
— анатомия мұражайы;
— арнайы және клиникалық пәндерге арналған кабинеттер;
— Болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын имитациялық оқытуға және машықтандыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен, фантомдармен, муляждармен, тренажерлармен және басқа да техникалық құралдармен жабдықталған Симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттер орталығы.

Құрметті мектеп түлектері, Колледждің Қабылдау комиссиясының соңғы жаңалықтарынан хабардар болу үшін Instagram аккаунтымызға жазылыңыз.

Қабылдауға қатысты сұрақтар бойынша колледждің ғылыми-әдістемелік бөліміне +7 (727) 387-37-30 телефоны арқылы хабарласуға немесе Instagram желісінде хабарлама қалдыруға болады. Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 25 маусымнан кейін бастайды.