kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мақатаев оқулары» байқауы

Алматы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығы ұйымдастырған «Мақатаев оқулары» байқауына қатысты.

Байқаудың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасын насихаттау.

Мұқағали Мақатаев (09.02.1931 ж. – 27.03.1976 ж.) – белгілі ақын, периодикадағы көптеген әдеби басылымдардың, сондай — ақ «Өмір — өзен», «Жүрегім менің — жанартау», » Аққулар ұйықтағанда» атты поэтикалық жинақтардың авторы. Мақатаевтың шебер аудармалары, оның ішінде Дантенің «Божественная комедия», Шекспирдің сонеттері, сондай-ақ Пушкин, Некрасов, Блок және т. б. шығармалары әдеби жұртшылықтың жоғары бағасына ие болды.

Байқаудың шарттары бойынша сайыскерлер ақынның дайындалған өлеңімен бейнежазба ұсынады.

Студенттер әдеби байқауға келесі өлеңдер дайындады:
— Садуақас Дарина — «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-01» тобының студенті «Шыда, Шыда» өлеңін дайындап, 1 орынға ие болды;
— Қабдолда Мерей «Шеше сен бақыттысың» өлеңімен және Махан Жансая «Ғашықпын» өлеңімен – «Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 24-11» тобының студенттері байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Колледж әкімшілігі Сәдуақас Дарина, Қабдолда Мерей, Махан Жансая және олардың тәлімгері Тәжиев Ербол Елғондыұлын әдеби байқаудағы жеңісімен құттықтайды! Барлық студенттерімізге оқуда табыс, жаңа биіктерге ұмтылу тілейміз!