kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Оқулықтардың жаңа баспаларының көрмесі

23.04.2025 ж. Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» мен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне» орай оқулықтардың жаңа баспаларының көрмесі ұйымдастырылып, колледж ұстаздарының жазған оқулықтарына «Тұсау кесер» өтті.

Көрме жаңа коворкинг аймағында өтті, оны колледж директоры Ж.М. Молдакулов салтанатты түрде ашты.

Көрмеге қойылған әдебиеттер қатарында біздің әріптес оқытушыларымыздың оқулықтары: — «Жасанды интеллектің маңыздылығы мен пайдасы» Ауелбекова Г. К.;
— «Пропедевтика внутренних болезней» Каримбаева К. Д., Кажимгалиева Р.У. ұсынылған.

Кітапханаға барлығы 4 382 дана жаңа басылымдардың 55 атауы келіп түсті. Көрме 2025 жылдың 23-30 сәуір аралығында жалғасады. Барлық білім алушылар мен оқытушыларды колледж кітапханасына барып, жаңа оқу басылымдарымен танысуға шақырамыз.