2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да «Қазақтың батыр қыздары – Храбрые дочери казахского народа» атты ашық саяхат сабағы өткізілді. Бұл шара Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ әйелдерінің ерлігіне арналды.
Мақсаты – студенттерге патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық әйелдер туралы кеңінен таныстыру, олардың өмірбаянындағы аз таныс деректермен бөлісу.
Әлия Молдағұлова (мерген), Мәншүк Мәметова (пулемётші), Хиуаз Доспанова (штурман-атқыш) – бұл есімдер әйелдің қайсарлығын, Отанға деген шексіз махаббатын білдіретін жарқын үлгі. Ұлы Отан соғысы жылдарында 90-нан астам әйел жауынгерлік ерлігі, тылдағы қажырлы еңбегі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
№2 ЦӘК «Жалпы кәсіби пәндер» оқытушыларының жетекшілігімен «ЕІ 23-1», «ЕІ 24-01», «ЕІ 23-2» «Емдеу ісі» бөлімінің және «Лаб 24-15» «Зертханалық диагностика» бөлімінің студенттері көркем әдеби және сахналық қойылымдар дайындады. Қазақ қыздарының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналған өлеңдер мен патриоттық әндер орындалды.
А. Молдағұлова, М. Мәметова, Х. Доспанова және басқа да майданға аттанған әйелдер марапат үшін емес, Отан, жарқын болашақ пен бейбіт аспан үшін күресті. Олардың өмір жолы – тек оқулық беттері ғана емес, шексіз табандылық пен ерліктің үлгісі. Батыр аруларымыздың рухына мәңгілік тағзым!