kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Кадим Сағынтай қола медаль иегері

2025 жылдың 12–13 сәуір күндері Алматы қаласында еркін күрестен ашық турнирға Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның «Мейіргер ісі» бөлімінің 2 курс студенті, «МІ 23-7» тобының білімгері Кадим Сағынтай қатысып, ерекше көзге түсті.

65 келі салмақ дәрежесінде белдескен Сағынтай спорттық рух пен шеберлігін танытып, жарыстың барлық кезеңінен сенімді өтіп, финалдық белдесуде қола медаль иеленді.

Жастайынан спортқа құштар Сағынтай еркін күрес және MMA бағытындағы республикалық әрі қалалық жарыстарда бірнеше мәрте жүлдегер атанып, I, II, III дәрежелі медальдар мен дипломдармен марапатталған.

Біз Кадим Сағынтайды бұл жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта спорт пен білім жолында жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!