kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мелес Мақсат еркін күрестен Алматы қ. ашық чемпионатының 2 орын иегері

Мелес Мақсат — Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Емдеу ісі» бөлімшесінің «EI 23-4» тобының 1 курс студенті еркін күрестен Алматы қ. студенттері арасында ашық чемпионатқа қатысты.

Спорттық жарыстарды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы ұйымдастырды, 2025 жылғы 09 сәуірде Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы сервис және технологиялар колледжі» КМҚК базасында «Қанатын қаққан қыран құс» ұранымен өткізілді.

Біздің студент 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті, оның жаттықтырушы-тәлімгері педагогика ғылымдарының магистрі, колледждің дене шынықтыру оқытушысы — Нұрманов Диас Ақанұлы болды. Мақсат 13 жасынан бастап еркін күреспен айналысады. Ол үшін спортпен шұғылданудың себептері: өзін-өзі дамыту және тәртіп.

Мақсаттың күрес шеберлігі мен Д.А. Нұрмановтың тактикалық тәлімінің арқасында біздің спортшы финалға жетіп, чемпионаттың күміс медалін жеңіп алды. Д.А. Нұрманов спортшыларды дайындағаны үшін чемпионатты ұйымдастырушылардың атынан алғыс хатпен марапатталды!

Колледж әкімшілігі, оқытушылары мен студенттерінің атынан біз Мелес Мақсатты Алматы қ. студенттері арасында еркін күрестен ашық чемпионатта 2 орын алуымен құттықтаймыз. Сізге жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және оқуда табыс тілейміз!