2025 жылғы 14 ақпанда Алматы қ ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері үшін «Нашақорлықтың алдын алу», «Отбасылық құндылықтар» тақырыптарында дәрістер өткізілді.
Іс-шараның мақсаттары: есірткі заттарын қолданудан азат салауатты өмір салтының құндылықтарын дамыту; жастардың есірткіні сақтау мен таратудың құқықтық мәселелері жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыру; қазіргі адам өміріндегі отбасының рөлін ашу; отбасына деген борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Шақырылған лекторлар:
— Трубникова Анна Александровна – Алматы қ ҚДСБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» КМК дәрігер психиатр-наркологы.
— Попова Елена Степановна – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің өкілі.
Трубникова А.А. өз дәрісінде есірткі заттарының адам ағзасына әсері, тәуелділіктің қалыптасу кезеңдері және есірткі қолданудың ауыр зардаптары туралы жан-жақты айтып берді. Соңғы жылдары нашақорлықтың «жасаруы» байқалуда, кейбір балалар есірткіні 12-13 жастан бастап көре бастайды. Сондықтан нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті медициналық және әлеуметтік мәселесі.
Попова Е.С. өз сөзінде тұлғаның қалыптасуында, қоғам тұрақтылығын сақтауда және мәдени дәстүрлерді жеткізуде маңызды рөл атқаратын отбасылық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.