kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Батыр әр отбасында тұрады. Ұрпақ жадысы» тақырыбындағы бейнероликтер байқауы

03-04 сәуір 2025 ж. Байжомарт Жансель және Какеева Роббина — Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Емдеу ісі» мамандығының «ЛД 24-2» тобының студенттері «Салауатты ұрпақ – елдің байлығы» атты студенттік және педагогикалық бастамалардың ХІ Халықаралық форумына қатысты.

Форум аралас форматта өткізілді және оны Колледждің халықаралық серіктесі – РФ «Қорған базалық медициналық колледжі» МБКББМ ұйымдастырып, келесілерді қамтыды:
• оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы;
• бейнероликтер байқауы;
• стендтік баяндамалар конкурсы және т. б.

Біздің студенттер ғылыми жетекшілер Ж.Ж. Сүлейменова мен Г.А. Амринаның жетекшілігімен «Батыр әр отбасында тұрады. Ұрпақ жадысы» тақырыбындағы бейнероликтер байқауына қатысты.

Бейнеролик Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды және біздің студенттеріміздің ұлы ата — батырлары Б.Е. Абдикеримов пен А.И. Жамбасовтың, ерлік пен сүйіспеншілігі туралы баяндайды.

Студенттердің жұмысы — отбасылық құндылықтарды, ұрпақтар шежіресін сақтаудың тамаша үлгісі. Бейнероликті байқау қазылар алқасы көптеген қатысушылар арасында II орынмен бағалады.

Сіздердің назарларыңызға бей-жай қалдырмайтын 2 қысқа оқиғаны қарауды ұсынамыз!

Колледж әкімшілігі Байжомарт Жансель, Какеева Роббина және олардың тәлімгерлерін «Дені сау ұрпақ – ел байлығы» ХІ халықаралық форумында құрметті 2 орын алуымен құттықтайды! Барлық студенттерімізге оқуда табыс, жаңа биіктерге ұмтылу тілейміз!