kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Туған жерім – жүрегімде” қалалық челленджі

28.02.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК білім алушылары “Туған жерім – жүрегімде” қалалық челленджіне қатысты. Іс-шараны Алматы қаласының білім басқармасы Алғыс айту күнін мерекелеу аясында ұйымдастырды.

Алғыс айту күні – бүгінде еліміздің біртұтас халқын құрайтын әрбір этностың мәдениеті мен рухани құндылықтарын бейнелейтін мереке.

Мереке көпұлтты Қазақстан халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі болуға арналған. Бұл күні еліміздің тұрғындары бір-біріне төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыс айтады.

Колледж әкімшілігі Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтайды!