2025 жылғы 24 ақпанда Алматы қ «№1 Алматы Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КМҚК-да «Барлық мамандарттар ұстаздан басталады» атты Алматы қ. білім басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік челленджін өткізу қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Челлендж техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарының білім алушылары мен оқытушылары арасында жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізіледі.
Челлендждің мақсаты: экономикалық тұрақтылық пен прогрестің негізгі факторы ретінде жұмысшы мамандықтарының рөлін нығайту.
Челленджді өткізу қорытындысы бойынша Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі» КМК Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Ш.Е. Каштаева және «Sanaly Urpaq» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы төрағасының орынбасары Эмиль Еңлік алғыс хаттармен марапатталды.
Челлендж үшін бейнеролик жасауға қатысқан белсенділерімізді, сондай-ақ Шолпан Елемесқызын олардың жұмысын жоғары бағалауымен құттықтаймыз! Барлық студенттерімізді колледждің қоғамдық және ғылыми өміріне белсенді қатысуға шақырамыз!