kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

“Менің отбасым – менің байлығым” тақырыбында эссе байқауы

2025 ж. 19 ақпан күні Алматы қ ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық коллед» КМК-да 1 және 2 курс білім алушылары арасында “Менің отбасым – менің байлығым” тақырыбында эссе байқауы өтті

Байқаудың мақсаты: дәстүрлі отбасылық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы.

Эссе байқауы № 1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары А.С. Қонақбаева, Ж.Ж. Сүлейменова, Р.Т. Шапулатова, З А. Даутова ұйымдастырумен мемлекеттік тілінде, орыс тілінде өткізілді.

Мемлекеттік тілде өткізілген эссе байқауының нәтижелері бойынша қазылар алқасының мүшелері жүлделі орындарды былайша бөлді:
1 орын — Қайырғали Әлия («Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 24-7» тобының студенті);
2 орын — Бөлегенова Нұрсұлу («Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-4» тобының студенті);
3 орын — Түсіпбекова Айзере («Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 24-11» тобының студенті).

Орыс тіліндегі эссе байқауының нәтижелері:
1 место – Кокеева Роббина («Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЛД 24-2 тобының студенті);
2 место – Серик Жасмин («Мейіргер ісі» бөлімшесінің «MI 23-14» тобының студенті);
3 место – Нусырова Алия («Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЛД 24-02» тобының студенті).

Бүгінде Қазақстанда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жүйелі және кешенді жұмыстар жүргізілуде. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде мәдениеттің, ұрпақтардың тарихи сабақтастығының, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді.

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!