19.02.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білім алушылары мен қызметкерлері үшін «Тәртіп өзіңнен басталады!» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Сайлауұлы Ғалымовтың қатысуымен дәріс түріндегі іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік идеологиясын қолдайтын белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, Заң мен тәртіпті құрметтеуді қалыптастыру.
Кездесу барысында келесі мәселелер қозғалды:
• Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жаһандық мәселелері;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері мен стратегиялары;
• Әрбір азаматтың адал қоғамды қалыптастыруға қосқан үлесі;
• Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар.
Жаркын Сайлауович Колледж оқушылары мен студенттеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қабылдайтын шаралармен, сондай-ақ адал қоғам құруға бағытталған жаңа бастамалар мен жобалармен таныстырды.
Сонымен қатар, Ж.С. Галымовқа «Sanaly Urpaq» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубының жұмысы туралы есеп берілді.
Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттырудағы және адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттаудағы маңызды қадам.