14.02.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК–да «Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының тұлпары» атты әдеби-сазды кешіміз өтті.
Мақсаты: ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыру; патриотизмге тәрбиелеу және студенттердің қазақ әдебиетінің шығармаларын оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шараға «Мейіргер ісі» бөлімшесінің «МІ 24-6», «МІ 24-8», «МІ 24-9», «МІ 24-10», «МІ 24-11»; «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-5», «ЕІ 24-01»; «Стоматология» бөлімшесінің «Д 24-03» топтарының студенттері белсенді қатысты.
№ 1 ЦӘК “ Жалпы гуманитарлық пәндер” оқытушылары А.С. Конакбаева, Е.Е. Тажиев, Ж.С. Бейсекенованың жетекшілігімен студенттер: ақының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама; автордың өлеңдеріне жазылған әндер «Есіңе мені алғайсың», “Жайлау көл кештері” және шығармаларын мәнерлеп оқу; “Қош бол, махаббат!” пьесасынан үзінді театрландырылған көрініс қойылды. Колледж кітапханашысы А.С. Тайшыбекова «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты кітап көрмесімен таныстырды.
М. Мақатаевты қазақ әдебиетінің Абай, М.Әуезов сынды тұғырларымен қатар қояды. Даңқ пен танымалдық оған қайтыс болғаннан кейін келді. Мақатаев қысқа, бірақ жарқын өмір сүріп, ұрпақтарына ұлттық нақышқа толы ерекше поэзияны қалдырды.