kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Халықаралық кітап сыйлау күні

2025 жылғы 14 ақпанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Оқуға құштар колледжі» жобасы, сондай-ақ Халықаралық кітап сыйлау күні аясында «Кітаптарды сүйіспеншілікпен сыйлаңыз» буккроссинг челленджі басталды.

Біздің оқу орнымыздың кітапханасына алғашқылардың бірі болып “Латын тілі” және “Фармакология” арнайы пәндерінің оқытушысы Майране Сейдахметовна Карбаева, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айгүл Серікболқызы Қонақбаева, сондай-ақ “Мейіргер ісі” бөлімшесінің “МІ 24-6” тобының студенті Эльназ Идеит өз кітаптарын сыйға тартты.

Халықаралық кітап сыйлау күні – біліммен, шабытпен және кітап оқудың қуанышымен басқалармен бөлісудің қаншалықты маңызды екенін еске салатын күн. Кітап сыйлау дегеніміз – жаңа нәрсе ашуға мүмкіндік беру. Біз колледжіміздің барлық қызметкерлерін, оқытушылары мен студенттерін осы челленджге қатысуға шақырамыз.