kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

1943 жылғы Сталинград шайқасында кеңес әскерлерінің неміс-фашистік әскерлерін талқандау күніне арналған іс-шара өткізілді

2025 жылғы 05 ақпанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері үшін 1943 жылғы Сталинград шайқасында кеңес әскерлерінің неміс-фашистік әскерлерін талқандау күніне арналған іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын дайындау және мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — патриотизмге тәрбиелеу, кеңес халқының ерлігі үшін мақтаныш сезімін, ардагерлерге құрмет пен еліміздің тарихын қалыптастыру.

Іс-шараға «Мейіргер ісі» бөлімшесінің «24-13» және «24-14», «Емдеу ісі» бөлімшесінің «24-2», «Стоматология» бөлімшесінің «24-03» топтарының студенттері белсенді қатысты.

№ 1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары: Ж.Ж. Сүлейменова, К.Д. Абдрахманова және А.Н. Далибаеваның басшылығымен студенттер: 1943 жылғы Сталинград шайқасы туралы баяндамасын; К. Симонов, Ю. Друнина, М. Исаковскийдің өлеңдерін; К. Симоновтың «Жди меня, и я вернусь!» қойылымын; «Катюша», «Синий платочек», «Рота, подъем!» және т.б. музыкалық шығармаларын дайындады.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін біздің колледжде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар өткізіледі, Жеңіс Күні қарсаңында қорытынды мерекелік концертпен аяқталады.