kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Әділ Қазақстанда «Адал азамат» прогрессивті қоғамды құру негізі ретінде және жаңа құндылықтарды қалыптастыру тұжырымдамасы» тақырыбында кездесу

05.01.2025 ж.Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1 курс студенттері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық — түсіндіру тобының мүшелерімен «Әділ Қазақстанда «Адал азамат» прогрессивті қоғамды құру негізі ретінде және жаңа құндылықтарды қалыптастыру тұжырымдамасы» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: жастарды рухани-мәдени және толеранттылық пен құрметтеуге тәрбиелеу.

 Кездесу қонақтары:

  • Оспанов Болат Мусагажинович – Алматы қ. ҚХА «Ақсақалдар кеңесі» төрағасының орынбасары, ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі.
  • Налибаев Жанибек Бакирович — Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, «Ақсақалдар кеңесі» мүшесі.
  • Шихотов Владимир Семенович — «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Алматы қ. бойынша филиалының төрағасы, Алматы ҚХА «Ақсақалдар кеңесі» мүшесі.
  • Огузхан Абдулкерим — Алматы қ. «Түрікмен қоғамдық — мәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары, Алматы қ. ҚХА «Ақсақалдар кеңесі» мүшесі.
  • Лекерова Салтанат — Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мәдениет бөлімінің басшысы.

Қонақтар өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы туралы айтты. Бұл тұжырымдаманың негізгі элементтеріне мыналар жатады: адалдық, жауапкершілік, әділеттілік, көмекке келуге дайын болу және азаматтық міндеттерді адал орындау.

Іс жүзінде тұжырымдама азаматтардың әртүрлі еріктілер бағдарламаларына, бастамалары мен жобаларына қатысуға деген ұмтылысында көрінеді. Қазақстандықтар «Адал азамат» рухында әрекет ете отырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді, жекелеген азаматтардың да, жалпы қоғамның да өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бастамаларды қолдайды.

Арнайы шақырылған қонақтар үшін Колледж студенттері шағын концерттік бағдарлама дайындады: ұлттық билер мен музыкалық шығармалар орындады.