2024 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК — да 1 курс студенттері арасында “Шабыт” жобасын іске асыру аясында “Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы” атты театрландырылған қойылымдар байқауы өтті.
Ұлағатты отбасы — оның мүшелері арасындағы үйлесімділік, өзара түсіністік пен қолдау орнаған жер. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлардың қатарына келесіні жатқызуға болады: бірлескен ойын-сауық, эмоционалды әл-ауқат, қарым-қатынас, қолдау және көмек, жанжалдарды шешу, ортақ құндылықтар мен мүдделер және т. б.
16 топ қатысқан байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — “МІ 24-6” тобының студенттері (“Мейіргер ісі” бөлімі);
2 орын — “МІ 24-10” тобының студенттері (“Мейіргер ісі” бөлімі);
3 орын — “СД 24-13” тобының студенттері (“Мейіргер ісі” бөлімі);
4 орын — “МІ 24-7” тобының студенттері (“Мейіргер ісі” бөлімі);
5 орын — “МІ 24-11” тобының студенттері (“Мейіргер ісі” бөлімі).
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Барлық бірінші курс студенттерін студенттер кеңесінің үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз, олардың ішінде: театр, вокал, аспаптық, тілдік, пікірталас және басқа үйірмелер бар.