kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Назролаева Жанерке UCMAS менталдық арифметикадан халықаралық чемпионатына қатысып, жеңіске жетті!

Назролаева Жанерке — Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-ның “Мейіргер ісі” мамандығының, “Массажист” біліктілігі (нашар көретіндер мен зағиптар үшін) 24-21 тобындағы 1 курс студенті, 2024 жылғы 14-15 желтоқсанда Үндістанның Дели қ. өткен UCMAS менталдық арифметикадан халықаралық чемпионатына қатысып, жеңіске жетті.

UCMAS (Ментальды арифметика жүйесінің әмбебап тұжырымдамасы) – ауызша санау жүйесіне негізделген ақыл-ой қабілеттерін дамытудың бірегей бағдарламасы. Бүгінгі таңда әлемнің 75-тен астам елінде 5000-ға жуық UCMAS орталығы жұмыс істейді, мысалы: Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Испания, Қытай, ТМД елдері және т. б.

Дели қаласындағы чемпионатқа барлығы 30 елден 6000-нан астам қатысушы келді, олар 10 санатқа бөлінді, Назролаева Жанерке “Visual G” санатында бақ сынасты. Чемпионаттың барлық қатысушылары 8 минут ішінде арифметикалық есептердің максималды санын шешуі керек болды. Жанерке белгіленген уақыт ішінде мүмкін болатын 200 есептің 159 шығарды, осылайша өз санатындағы ең жақсы нәтижені көрсетті.

Колледж әкімшілігі, оқытушылары мен студенттерінің атынан Назролаева Жанеркені менталдық арифметика бойынша халықаралық чемпионаттағы жеңісімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық пен амандық, оқуда табыс және жаңа жеңістер тілейміз!