kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Желтоқсан желі» атты мерекелік іс-шара

11.12.2024 ж. ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Желтоқсан желі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақсаты: патриотизм сезімдерін тәрбиелеу, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи фактілеріне қызығушылықты дамыту.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға құрметті қонақ: «Желтоқсан — 86, Тәуелсіздік қырандары» халық қаһармандары қозғалысының төрағасы Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы қатысты.

Колледж студенттік кеңесінің күшімен шығармашылық нөмірлер: өлең оқу, би нөмірлері, әндер мен күйлер дайындалды. Гүлбахрам Есмұратқызы студенттерге желтоқсандағы оқиғалар туралы куәгердің сөзімен айтып, қатысушылардың – ерлер мен әйелдердің батылдығын атап өтіп, 1986 жылы желтоқсанда Алматы қаласында өткен жаппай наразылықтың тарихи маңыздылығын айтып берді.

Тәуелсіздік күні – Қазақстан халқы үшін ерекше маңызы бар мереке, еліміздің барлық азаматтары үшін тағдырлы күн. Бұл күн барша қазақстандықтарды еліміздің қуатты, егемен және гүлденген мемлекеттің игілігі үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге деген біртұтас ұмтылыспен біріктіреді.