10.12.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК — да «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті» тақырыбында пікірталас турнирі өтті. Таңдалған тақырып Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылды.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік маңызы бар проблема болып табылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құбылысқа, әсіресе экономикалық тұрақсыздық жағдайында күресті күшейту қажеттігін бірнеше рет атап өтті.
Пікірталас студенттердің жан-жақты дамуында, олардың азаматтық белсенділігінде және қоғамда дұрыс бағдарларды қалыптастыруда ерекше орын алады.
Турнирге белсенді қатысқан «Дебат» клубының барлық мүшелеріне алғысымызды білдіреміз!