2024 жылғы 03 желтоқсанда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері үшін «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту.
«БҰҰ-әйелдер» статистикасына сәйкес Қазақстанда 2018-2023 жылдар аралығында отбасылық-тұрмыстық негіздегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 2 еседен астам өсті. Гендерлік зорлық-зомбылық — бұл жаһандық проблема және бүкіл әлемде бұл көрініс көңіл көншітпейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдерді қоғамға толық қатысу мүмкіндігінен айырады және отбасыларға, қауымдастықтарға және елге ұзақ мерзімді теріс әсер етеді.
Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, бұл туралы үндемеңіз! Сіз полиция бөліміне «102» нөміріне қоңырау шалуыңыз керек. Консультациялық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетілетін дағдарыс орталықтарының телефондары:
- «Родник» ҚҚ — 396-19-38;
- «Жан-Сая» КММ — «150» (жасырын, тәулік бойы) немесе +7 771 450 34 50;
- «Аналар үйі «ҚҚ» +7 747 311 41 09; +7 747 311 40 51.