2024 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның 1-2 курс студенттері үшін «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың назарын қазіргі қоғамдағы нашақорлық проблемасына аудару, салауатты өмір салтының басымдықтарын қалыптастыру.
Дәрісті №3 ЦМК наркология курсы бар психикалык аурулар пәні оқытушылары Бижанова Аида Мухаметкаримқызы мен Қабдырғалиева Жайнар Елтайқызы ұйымдастырып, өткізді.
Дәріс аясында келесі мәселелер қарастырылды: есірткінің адам ағзасына әсері, есірткінің түрлерін қолданудың салдары, тәуелділіктің даму механизмі және т. б.
Осындай іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.